МИКРОКЛИМАТТЫҢ ЖҮЙЕЛІК ШЕШІМДЕРІНІҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІСІ

Сапалы инженерлік шешімдерде кішігірім мәселелер де аса маңызды

Жоғарғы технологиялық
автоматтандырылған құрылғылардың жиынтығы

Сертификаттау мен сынақтардың
кешенді бағдарламасы

Қойма кешендері
4000 паллетоорын

Импортқа деген
тәуілділікті азайту

Жоғарғы технологиялық
автоматтандырылған құрылғылардың жиынтығы


Сертификаттау мен сынақтардың
кешенді бағдарламасы


Қойма кешендері
4000 паллетоорын


Импортқа деген
тәуілділікті азайту


МИКРОКЛИМАТТЫҢ ЭНЕРГОТИІМДІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРІ


ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗ ТУРАЛЫ

Миссиямыз: объекттің қолданылуы, оның ерекшеліктері мен қойылатын талаптарды максималды ескеретін өндірістік желдету мен кондициялау саласындағы жоғарғы технологиялық инженерлік шешімдерді құру мен іске асыру.

Стратегиямыз: Біздің стратегия - кәсіби климаттық жабдықтар сегментіндегі әлемдік көшбасшылардың озат технологияларын жергіліктендіру, бейімдеу және дамыту.

Мақсатымыз: өз ісімізде ең мықты болу.

OPPORTUNITIES
AND BENEFITS

Өз меншігіміздегі инженерлік орталық пен конструкторлық бюро кез келген деңгейдегі техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.


Өндірістік кешеннің тұрақты дамуы және оңтайландырылуы мүмкіндіктеріміздің шекарасын күн сайын кеңейтеді.

Ыңғайлы және қолдануға жеңіл OEM-интеграция бағдарламасы серіктестерімізге өз сауда таңбасымен жабдықтар шығаруға максималды қолайлы.


Серіктестер

«КПИ КазПромИнновация KPI KazPromInnovation» («КПИ КазПромИнновация») Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі инновациялық өндіріс нарығында 2012 жылдан бері қызмет атқарады.

«КПИ КазПромИнновация» компаниясы «Newtech Systems Group» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен құрылды және КПИ КазПромИнновация» компаниясының 100% меншік иесі болып табылады.

Қызмет атқару барысында «КПИ КазПромИнновация» үлкен тәжірибе жинақтауға септігін тигізген бірнеше қызықты жобаларды іске асырды. Қазақстандық, Еуропалық брендтермен, ТМД мемлекеттерінің өндірушілерімен серіктестік қарым-қатынаста болып, жұмыс істеу барысында алынған білім арқылы желдету жабдықтарды жоғарғы сапада бағалауға мүмкіндігіміз бар.

Кез келген тұтынушы тауарды «баға-сапа» қағидасы бойынша бағалайды. Осы қағиданы ұстана отырып, біз нарықтағы жоғарғы технологиялық WHEIL ресейлік бренд жабдықтарына таңдау жасадық. 2018 жылы «КПИ КазПромИнновация» және «НПТ Климатика» ЖШҚ арасында WHEIL брендін Қазақстан Республикасы аумағында жылжыту бойынша серіктестік келісім жасалды.

Кез келген заңды тұлға үшін басты шешімдердің бірі әріптес банкті таңдау болып табылады. «КПИ ҚазПромИнновация» ЖШС банкты таңдауға толық жауапкершілікпен келді. Қазақстандық қаржы институттарының нарығын негізгі критерилері бойынша: сенімділігін, есеп айырысу шотын ашудың шартын, есептесудің жылдамдығын, ұсынылатын банк қызмет көрсетулерінің жиынтығын зерттей келе, біздің таңдауымыз «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға түсті. Бұл банк штаб пәтері Люксембурте орналасқан, жеке меншік халықаралық ABH Holdings S.A. холдингілік компаниясының құрамына енеді. ABHH холдингінің инвестициялары Нидерландта, Ресейде, Украинада, Беларусьте және Қазақстанда шоғырланған.

Альфа-Банктің филиалдық желісі Қазақстанның 16 қаласында ұсынылған. 2018 жылдың қорытындылары бойынша банк 4 позицияға көтеріліп және транзакциялық табыстары бойынша елдің белгілі 15 банкінің ішінде 5-орынды иеленеді. Fitch Ratings және S&P-тің деректері бойынша Альфа-Банктің болжамы - «тұрақты», бұл оның сенімділігін және тұрақтылығын білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ішіндегі жалғыз Альфа-Банк қана әлемдегі ең танымал банктердің бірі J.P. Morgan Bank-тен Quality Recognition Award STP Rate 2018 беделді марапатын алған. Ол төлемдерді доллармен рәсімдеудегі жоғары сапасы үшін беріледі.


Қосалқы жабдықтар жеткізушілері

Әлемдік лидерлер және кең танымалды материалдар, қосалқы бөлшектер брендтерімен серіктестік Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтардың сенімділігі мен технологиялық жоғарғы деңгейінің басты факторы болып табылады.


ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

Зауытта өндірілген жабдықтарды монтаждау немесе қолдану барысында пайда болған кез келген қиындықтарды жедел шешуге қызмет көрсету бөлімі көмектеседі.


БАЙЛАНЫС

ОФИС ЖӘНЕ ӨНДІРІС

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Атырау қ., Северная промзона 72
Телефон: +7 (7122) 763 817+7 (7122) 763 817;
e-mail: info@kazkpi.kz

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Пн-Пт 9.00-18.00
Сб-Вс выходные
Top