SAFETY Solution
Жарылу қаупі жоқ және жер сілкінуге тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін талап ететін объектілерге арналған инженерлік шешімдер

Газ және шаң-тозаңдар бойынша жоғарғы қауіптілік туғызатын өндірістік объектілердің климаттық жабдықтарына арналған және түтінге қарсы желдету аумағындағы сенімді шешімдерді даярлау –бүгінгі күнде әлем бойынша желдету мен кондициялау саласындағы басты бағыт болып есептеледі.


Жарылу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ережелерді сақтамау адам өлімі, экономикалық зардап және қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін.


Климаттық жабдықтардың газ бен шаң-тозаңның жоғарғы қауіптілігі бар объектілеріне, түтінге қарсы желдету жабдықтарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі – кәсіпорынның дұрыс жұмыс атқаруының және төтенше жағдайларды болдырмаудың шарты.

SAFETY Solution | Мақсаттары және артықшылықтары

WHEIL SAFETY Solution өндірістік жарылу қаупі бар газ бен шаң-тозаң қоспасының пайда болуы мүмкін объектілерге арналған микроклиматтық жүйелі шешім және әр түрлі мақсаттағы объектілерге арналған түтінге қарсы желдету сегменті.

SAFETY Solution басты мақсаттары::

  • өндірістік мақсаттағы объектілерге арналған климаттық жабдықтарды жарылыстан қорғау бойынша сенімді және жоғарғы технологиялық шешімдерді қолдану;
  • жарылу қаупі бар газ және шаң-тозаңды ортада жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етудегі кешенді тәсіл; ұшқынның пайда болуы, электр қуатының жинақталуы және қызуын болдыртпау;
  • ғимараттағы климаттық шешімнің ортақ инженерлік құрылымында түтінге қарсы желдету жүйесіне арналған жабдықтарды дайындау және біріктіру.

Жарылыстан қорғаудың барлық нормалары мен стандарттарын қатаң қамтамасыз ету мен өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстану

1EX GB IIB T4/1EX GB IIC T4 жарылыстан қорғау стандарты (арнайы тапсыры)

Шешімдер сенімділігінің расталуы

  • сыналған нұсқалардың фотофиксациясы;
  • сынақ кезінде термографикалық бақылау;
  • әр куәлік бойынша сынақ хаттамасы.