MEDIC Solution
Таза ғимараттар, медицина және денсаулық сақтау объектілеріне арналған инженерлік шешімдер

Желдету жүйесі бойынша медицина мекемелерінде ауа параметрлеріне жоғарғы талаптар қойылады, әсіресе тазалыққа және ылғалдылыққа. Бұл емделушілер иммунитетінің әлсіздігіне, ауырған адамның ағзасына минималды жүктеме болу қажеттілігіне байланысты.


Медицина мекемелерінің тек қосалқы бөлмелеріне ғана таралатын ауаға қосымша сапалы тазартуды қажет етпейтін желдету жүйесі орнатылады. Сау және де ауа-тамшылы жұғатын жұқпалы аурумен ауыратын адамдардың микроағзаларды алып келу мүмкіндігін есептегенде бөлмелердің басқа түрлерінде (стандартты бөлмелер мен емделу бөлмелерін қосқанда) ауаның тазалық көрсеткіші 1000 КОЕ /м³ артық болуын талап етеді. Арнайы мамндандырылған медициналық бөлмелерде (ота жасау бөлмесі және тағы басқа) аталмыш көрсеткіш одан да төмен болуы қажет.


Таралатын ауаның басқа маңызды параметрі – ылғалдылық. Шаң-тозаңдардың басылуы және науқас адамдардың шырышты қабықтарының кеуіп кетпеуі үшін қыс мезгілінде минималды ылғалдылықпен қамтамасыз ету қажет.

MEDIC Solution | Мақсаттары және артықшылықтары

WHEIL MEDIC Solution — бұл таралатын ауаның ылғалдылығы және тазаруын ескеретін медициналық мекемелерге арналған микроклимат және инженерлік жүйелі шешімдер. Қолайлылық, энергияны үнемдеу және қызмет көрсету эргономикасының жоғарғы көрсеткіштерін сақтай отырып, медициналық мекемелердің жобалық міндеттеріндегі зарарсыздықтың белгіленген деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

*Операциялық және арнайы зертхана бөлімдері бұл жүйелік шешімдерде қарастырылмайды және WHEIL CLEAN ROOM Solution жеке көрсетіледі..

MEDIC Solution басты мақсаттары болып:

  • Медициналық мекемелердің қызметкерлері, емделушілер және келушілерге қолайлы климаттық жағдай қалыптастыру;
  • шыныталшықты сүзгілер және амальгама шамдары негізінде залалсыздандыру секцияларын қоса есептегендегі микроағзалар мен шаң-тозаңдардан тиімді тазартуды жүзеге асыру;
  • медицина саласын арналған HVAC нормативті құжаттарына сәйкес ғимараттардың негізгі түрлеріне арналған тиімді параметрлермен қамтамасыз ету:
    • күндізгі уақыттағы шуыл деңгейі 35дБ (A), түнгі уақыттағы шуыл деңгейі 25 дБ (A) артық емес (емделушілер бар бөлмелер үшін)
    • қыс мезгіліндегі температура/ылғалдылық +22C˚/40%, жаз мезгіліндегі ылғалдылық +26C˚/55%

Қолайлы ортаның тиімді өлшемдерімен қамтамасыз ету ғимараттың функционалдық қолданылуы, адамдардың атқаратын қызмет түрі, ғимаратта болу уақыты және жобалау кезінде мәлімделген энерготиімділік деңгейге байланысты.

Микроклиматтық шешімдердің іске асуын талқылау кезінде, дизайн және жобаланған объекттің элиталық деңгейіне қойылатын талаптарға басты назар аударған жөн.

Технологиялар: