INDUSTRIAL Solution
Өндірістік ғимараттар мен қойма кешендеріне арналған инженерлік шешімдер

Заманауи өндірістік кешендерді жобалауда және іске асырудағы негізгі қағидалардың бірі болып - өндірістік аймақтарда инженерлік жабдықтарды аз көлемде орнату, сонымен қатар оларды қолдану қауіпсіздігі және өндірістік үрдістерге араласпай қызмет көрсету қолайлығы табылады


Заманауи өндірістік объектілер кең ауқымды және биік төбелі ғимарат құрылымды болып келеді. Әр ерекшелік өндірістік объектілердің инженерлік жүйелерін іске асыруда белгілі бір талаптардың орындалуын қажет етеді.


Объекті көлемінің кең ауқымды болуына байланысты, алшақ орналасқан қондырғыларды тексеруде инженерлік жүйенің диспетчерлік басқарумен қамтамасыз етілуі аса маңызды.


Ғимарат төбелерінің биік болуы ауаның таралу жүйесі мен жыл мезгілдеріне байланысты икемді баптау мүмкіндігін қалыптастыратын арнайы шешімдерді қажет етеді.

INDUSTRIAL Solution | Мақсаттары және артықшылықтары

WHEIL: INDUSTRIAL Solution – объектілерге қойылатын жалпы талаптар тізбесін, ғимарат ерекшелігін (өндіріс түрі, ғимарат көлемі, зоналығы және т.б.) ескеретін әр түрлі мақсаттағы өндірістік кешендерге арналған микроклиматтық шешімдер жүйесі.

INDUSTRIAL SOLUTION БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ:

  • өндірістік зоналарда шаң-тозаңдардан тазарту қызметі бар ауаны өңдеу мен ауаның таралуы бойынша тиімді жүйені қалыптастыру;
  • ғимараттағы ауа сапасының жоғарғы өндірістік көрсеткішін қамтамасыз ететін микроклиматтық қолайлы параметрлерді сақтау;
  • өндірістік эргономиканың әлемдік талаптары мен стандарттарына сәйкес болуы (қолайлы кондициялау және желдету инженерлік жүйесін дайындау);
  • жоғарғы энерготиімділік және пайдалану шығындарын азайту.

Кең ауқымды ғимараттарда ORION TOP жеке желдету жүйесін қолдану шешімінің негізінде:

  • ауаны жіберу зоналығы және әр түрлі зоналардағы климаттық параметрлерді сақтау;
  • ауаны тарату жүйесінің өзара резервтелуі;
  • шатырлық құрылымдағы ауа өткізгіштердің артық жүйелерін алып тастау;
  • қызмет көрсетуді жеңілдететін және пайдалануға кететін шығындарды азайтатын микроклиматты қалыптастыру жабдықтарының қосалқы бөлшектерін сәйкестендіру.

ORION TOP қондырғыларының автономды ORION ROOFTOP шатырлы салқындатқышпен ортақ климаттық жүйеге бірігу мүмкіндігі бар (50 000 м³/сағ ауа айналымы бар объектілерге).

Біріктірілген тәсіл төменде көрсетілгендерді атқаруға мүмкіндік береді:

  • біріктірілген мұздатқышты жеке шешімдерді іске асыру;
  • газдық жылытуды қолдану (ауаны жылытудың ең энерготиімді тәсілі).

Технологиялар: