COOLING / HEATING PLANT Solution
Ғимараттың кондициялау жүйесіне арналған инженерлік шешімдер

Ауаны кондициялау саласындағы заманауи технологиялардың дамуы жаз мезгілінде ғимарат ішіндегі ауаны салқындату бойынша стандартты міндеттерді шешу үшін ғана емес, маусымаралық және қыс мезгілінде ауаны жылыту бойынша сұрақтарды шешуге арналған тоңазытқыш машиналардың функционалдылығын кеңейтуге бағытталған.

COOLING / HEATING PLANT Solution | Мақсаттары және артықшылықтары

WHEIL COOLING / HEATING PLANT Solution — көпфункциялы кешендердің жобалық міндеттерін іске асыруға арналған және объектілерді пайдаланудағы үлкен тәжірибе негізінде құрастырылған жүйелі шешімдер. «Жаз мезгіліндегі салқындату» функциясымен қатар, аталмыш бағыттағы заманауи технологиялардың барлық талаптарына жауап береді.

COOLING / HEATING PLANT Solution басты мақсаттары болып:

  • айнымалы жүктемеде салқындықпен жыл бойы қамтамасыз етуі қажетті ғимараттарға арналған жобалық мақсаттардың дұрыс іске асуы;
  • ғимарат микроклиматы жүйесінің тиімді жұмыс істеуі арқылы энерготиімділік көрсеткіші бойынша объектінің деңгейін көтеру;
  • әр түрлі ғимараттарда зоналық жылыту мен ауаның салқындауын қамтамасыз ету;
  • әр түрлі тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету (ЫСЖ алдын-ала жылыту, ғимараттың солтүстік жағындағы бөлмелер мен жертөлелер, рекуперациясыз ағындық қондырғыларда ауаның жылытуы, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің тоқтатылуы кезеңінде ғимараттарды жылыту жүйесі және т.б.) табылады.

Технологиялар: